Әл-Фараби атындағы ҚазҰу философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистратура бөлімінің студенті :Әбдіхамитов Бақдәулет Буддизм этикасы
.RU

Әл-Фараби атындағы ҚазҰу философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистратура бөлімінің студенті :Әбдіхамитов Бақдәулет Буддизм этикасы

Дата18.02.2017өлшемі127.26 Kb.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистратура бөлімінің студенті :Әбдіхамитов Бақдәулет

Буддизм этикасы
Әлемдік діндер аренасына буддизм б.з.д 6 ғасырда келді. Сол уақыттан бері Оңтүстік Азия жерінің этикалық канонына айналды. Буддизм дінінде негізігі 4 ақиқат және сегіздік жол деп аталатын философиялық ұғымдар бар. Бұлар будданың негізгі философиялық мектебінің бастауы болып табылады. Буддизмде барлық категория өзара тығыз байланысты екенін түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде табалдырықтардан тұратын, баспалдақ сияқты көрсетеді. Сондықтан әрбір табалдырықтан көтерілген сайын адамға даму мүмкіндігі туады деп ойлауымыз мүмкін. Әйтседе бұл адасу. Будда айтқанындай, ондай прогресті әрбір категорияны тәжірибелі түрде меңгерсеңіз (және әрбір аспектімен) басқаларымен қоса , сонда ғана сіз рухани баиисыз.

Мысалы: адамгершілікті мінез құлық бізге даналық жағдайына жету үшін керек екенін ұмытпауымыз қажет, дәл осы сияқты даналықсыз, сана дисциплинасыз, біз адамгершілік мінез құлқына жете алмаймыз. Барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, дана адам- қайғыға батқан адам, қайғыдағы адам-Дана адам.Сегіздік жол- сапарымыздың бағыт бағдары берілген карта сияқты, егер оны іске асыра алсаңыз, ол сізге арғы жағаға өтетін қайық болады.

Будда өз ілімін “көптің пайдасына, көптің бақытына, әлем азабынан берілген” деп айтты. Егер біз осы ілімді оқи отырып адамгершілік мінез құлқын, қалыптастыра алмасақ, онда бұл пайдасыз, керек емес ілім. Қайғыға ортақтаса білу, буддизмді үұстанушының ең жоғарғы жетістігі, демек, адамгершілік мінез құлық соңғы мақсат емес, ол тек қана адам өзіндегі қайғыға ортақтасатықты дамыту үшін, қажет құрал. Адамгершілікті мінез-құлық адамда махаббат, рақымдылық, мейірбандылық, және дұрыс өмір сүру деңгейімізден. Бұл істеріміздің арқасында біз басқа ааадамдардың қайғысын, мұңын жеңілдетеміз, және өз қайғымызға да көп көмегі тиеді. Бұдан басқа, біз өзімізді тазартамыз. Сегіз жолдағы үш аспектіні білу және іске асыру біздің элементарлы парызымыз бен дисциплинамызға теңеспеуі қажет. Бұл әрине, дұрыс бірақ бастысы біздің іс әрекетіміздің шынайы , еркін болуы, керек біз қуанышпен шын жүрекпен әрекет етуіміз керек. Егер біз сегіз жолдың ережелерін ұстанатын болсақ онда біз ізміз өмір сүретін ортаның қайғысын неғұрлым жеңіпдетеміз. Бұл жерде себептерді анализдеу қажет, бұл бізге, мұның неге өте қажет екенін түсіндіреді. Ап-айқын біздің іс-әрекетіміз, біздің тағдырымыздың, өміріміздің қандай болатынына әсер етеді. Егер кімде кім сөзбен немесе ісі мен бізге қатысты әділетсіз іс жасаса, біз өзімізді ренішті сезінеміз. Біздің жанымыз ауырып, ашуға булығамыз. Ішімізден оған дәл сондай етіп қайтару деген тілек пайда болады. Біздің рухани жағдайымыз мұндай да тұқрақсыз деп сипаттауға болады. Біздің эмоцияның әсеріне жығыламыз, ол кезде істің соңы туралы ойланбаймыз. Егер мұндай әрекеттер әр адамның тарапынан өсе беретін болса, онда бүкіл қоғам тез арада индивитті антогонизмнан әлеуметтік ретсіздікке ұшырайды, ал бұл дегеніңіз соғыс. Бұл процесті басқа жаңа бұратын жалғыз жол – бұл әрекетке жеке өз басыңа жауапкершілік алу. әрбір жеке тұлға өзіне осындай осындай шешім қабылдамайынша жағдайды өзгерту мүмкін емес. Осылайша дуккханның әрекеті көрінеді, жіне жарық дүниеде бізден басқа ешкімнен көмек сұрай апмаймыз. Шила-жалғаз. Дуккхаға қарсы шыға алады, ақиқат бақытқа жететін альтернативті басқа жолда жоқ.

Шила – бұл буддист мағынасында этикалық болып қабылданған, немесе адамгершілік, мінез-құлық, “сегіз жолда” бір-бірімен тығыз байланысқан әділ де шыншыл қадамдар. әйтсе де буддистер өсиеттің дұрыс орындалуына әрқашан да өзін-өзі жетілдірудің қажет екенін түсінеді. Өсиеттер бағдар береді деп те айтуға болады. Бұл бағдарды біз күнделікті әрекетімізге ұстануымыз керек. Басты мақсат- өз тәжірибемізде сіңісуімізге қажет. Бхавана немесе рухани даму- бұл өте тереңге тығылған, бұл өзін-өзі жетілдіру жолына түскен адамның ішінде болатын нәрсе. өзін өзі зжертілдірудің бастысы – шеберлік әдісі, мұның көмегімен әлемге, адамзатқа, әсер етуге және бақытқа жетуге болады. Біздің қиыншылығымыз біз өмірде қалаған нәрсемізге жете алмаймыз, демек біздің бақытқа деген ұмтылысымыз толық қанағаттандырылмайды. Неге? Бізге әрқашан да біздің қалауымызды төмір нәсіп еткен мүмкіншілігімізге байланыстыруға тура келеді. Сұрақ туындайды біз не қалаймыз? Біздің қалауымыздың орындалуы өміріміздің ұзақ периодын қамтыды. Ерте ме кеш пе біз қанағаттанбаушылықты сезінеміз, өйткені ойымыздағыға жете алмадық. Осыдан келе біз азапқа түсеміз, азаптан құтылу үшін құштарлықты тоқтатуымыз керек. Құштарлықтан арылу жолы қасиетті сегіз нақыл. Бұл жол нирванаға бастайтын жол. Онда сіз мәңгілік рахатта боласыз. Нирваналық деңгейге жеткен адам сансарадан құтылады. Бірақ сансара басқа заттармен, құбылыстармен себептілік заңы бойынша бөлінеді. Сансараның көпжақты себебі мен бастауы, біржағы индивидуалды санаға деген сенімді қалыптастырады, біржағы түсінбеушілікті қыздырады. Түсінбеушілікке бес негіді эммоционалдық тұрақсыздық, бес морылдың мешеулік дәнекер түрткі болады. Бұлар:

1 Мағлұматсыздық

2 Құмарлық

3 ашушаңдық

4 Тәкаппарлық

5 Қызғаншақтық

Нирвананың белгісі- бірлікке, сансараның белгісі индивидуалды “менің” немесе оның санасының көптігіне жету үшін будданың шындыққа жеткізер төрт өсиетін, сыңар жақтылықтан сақтайтын екі бағдардан, адамгершілікті толықтыратын сегіз талапты орындау қажет, шындыққа жақындататын жолдар:

1 Қанағатсыздық, қобалжу

2 Ізденіс пен үміттің себептілігі

3 Ынтаны тоқтату

4 Талпынысты тоқтататын әдіс

Әйел жандылық пен өзін - өзі азаптан қорлауда сыңаржақтылық күш алшақ. Нирванаға жеткізер сегіз біз атап көрсеттік.

Будданың өсиетін күш-көрсетуден, брахмандардың басшылығынан сақтанғысы келгендер жұбаныш етті, оны үлкен қорған көрді. Будданың басты-идеялары адамдардың әсіресе монахтардың, теңдігі туралы монархтың қайырымды басқаруы туралы шыдамдылық туралы, этикаға жүгіну туралы ұсыныстары, түрлі қауымдастықпен кастылардан, тіпті патшалардан адамгершілікті қолдаушылардан қолдау тапты. Будданы жақтаушы алғашқы қауымдастықтың қатарында тақуалар тобы алты адамнан артық, кедейлер (бхикшу) тобы, мохархтар (сангха) болды. Қауымдастыққа елуге тиым салынбаған. Оның мүшелері, біріншіден, бес діни антты орындауға уәде береді.

1 Өлтірмеу керек

2 Ұрламау керек

3 Алдамау керек

4 Зинақырлық керек

5 Мас болмау керек

Екіншіден, кедейлердің тұрмысын садақа жинайтын ыдысы, су ішетін табағы, ұстарасы аса таяғы құрады, оларға басқа заттарды иемденуге рұқсат болмады.

Үшіншіден: монастырь мүшелері отбасынан, кастылық тегінен жеке меншігінен бас тартуға ең болмағанда монастырьде болған кезде бас тартуға тиісті.

Төртіншіден: монахтардың өздері тағы да міндетті уәде қабылдады.



  • Өлең айтып, билемеуге

  • Жұмсақ төсекте ұйықтамауға

  • Кез-келген жерде тамақтанбауға

  • Пайда іздемеуге

  • Сасық немесе өңсіз боялған заттарды пайдаланбауға міндеттенен алды.

“Шынайы буддизм-деп жазды Н.Х. Сид,-теориялық мазмұны адамгершілік болып табылады, бұл тнрминнің астарында позитивті адамгершілікке жақындаушылық бар”

Буддизмді жақтау дәлелі ретінде оның аппологенттері оның терең адамгершілік моралдарына сүйенеді, биік гуманизмді айтады. Егер тіпті түпкі мақсаттан бас тартып, махабаттың шыңына шығу үшін, өзін-өзі құрбандыққа шалуға зорлықты түсіндіру кісі өлімі, онда осы талаптардың бәрін тек қана шынай мәнін антогонистикалық қоғамда еңбек еткен, класстық позициядан түсінуге болады.

Буддизм адамгершілігінде, адамның рухани байлығы өте жоғары болуы керек. Мысалы буддизм ережесі бойынша “Егер сені таспен атып жатса, егер осындай жағдай бола қалған жағдайда сен, “Олар жуас және мейірімді, себебі олар мені темірмен не болмаса өткір қылышпен соғып жатқан жоқ” деп ойлауың қажет.” Егер тіпті болмай буддисті өлтіруге дейін барса, ол өлтірушілер туралы “Олар мейірімді және жуас, өйткені олар мені осы лас өмірден, мына денеден босатып жатыр” деп ойлайтын еді. Мұндай өсиет қаналушыларды рухани тұсады, олардан толық көнгіштікті қанаушылар талап етті. “Темір шынжырды, ауыр шынжыр деп атама” – деп ақыл айтты құлдарға буддизм. “Өзіңе өзің қожа бол (демек өз құмарлығыңа) сонда қожа саған би болмайды” деп Г. Ольденберг буддизм адамгершілігінің талаптарына “Үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеу” ретінде анықтама берді. Қарсыласпау өсиеті құтқарылу жолы болған идеология буддизмді икемді етті, ол класстың қоғамға тез бейімделетін болды. “Өз қасиеттеріңе сен өзің кінәлісің” – деп үйретті буддизм қаналу шыны. Сондықтан болашақта қиналысқа шыда және одан арылудың жолын ойла”. Құлдар бір мәтінді оқыды ол: “оларға не берсе, соған разы болуы керек, өз жұмысын жақсы атқару мырзалары туралы жаман сөз айтпау!” Мұндай моральді талаптар көріп отырғаныңыздай сол кездегі билік басында да өте тиімді қолданылған.

Әйтсе де буддистік ұғымда “біреуді өлтіру” “біреудің өмірін алу” тірі затты жою деп қарастырады. Өсиетте айтылған адам тірі нәрсеге айбат шегуге, жапа шектіруге яки өлтіруіне тыйым салынады. “Тірі нәрсе” дегеніміз “Өмірлік қуаты бар мақұлық” демек оған айналамыздағы заттың бәрі адам сияқты қорғанышқа алынады. “Өмірін алмау” ойланып қасақана өлтіре ме әлде сөзбен немесе іспен өлтіруге әрекет жасайды ма.

Егер аңдар, жәндіктер туралы айтар болсақ онда кіші жәндіктен гөрі үлкенін өлтірген дұрыс. Себебі үлкенін өлтіруге сізден күш, қуат талап етіледі, ал кішкентайын өлтіру ол әділетсіз болады.

Буддалық этиканың басты мақсаты- мынадай жағдайларды өзгертуге бағытталады: мен оны бұдан жетілген түрге жеткізе аламын, өзіммен және басқалармен тыныштық және бейбітшілікті ұстана отырып. Буддалық этикалық негізі карма да жатты, ол ертеден- ақ этикалық жүйе ретінде келе жатты, тіпті ол ежелгі үнділердің діни ойларының негізі де болды. Бірақ буддизм, джайнизм сияқты, өз ілімінде этикалық сәттерді аса қадағалады, осылайша ол этиканы өз жүйесінде мінез-құлық нормасы және фундаменті етіп қалады.

Авидьядан айрылу демек буддалық ілімге қол жеткізу, тура осы қатаң көңіл бөлінген этикалық стандартты барлық өмір сүрушілердің негізінің түп негізі ретінде қабылдауды білдірді. Бірінші кезеңде бұл буддизмнің әдептеріне демек монахтарына қатысты болды, саналы және мақсатты түрде нирванаға ұмтылғандар үшін маңызы зор болды. “құтқарылуға тар жол”, “Кіші жол” діни топтар Гаутама Шакьямуниге ізбасушылар және жақтаушыларды дайындап берді деп айтсақ та болады. Нирванаға жетуге құштарланған монахтарларға мінез-құлық кодексі ең бірінші этикалық нормаларды сақтау болды. Және ең бірінші бес ант және басқа да шектеулер және тыйымдар оыс этикалық жүйеге келіп тіреледі. Оысншама кең және шектеулерді сақтаудағы мәні неде? Біз айтып өткеніміздей, Карма заңында Егер де джайнадағыларға карма жабысқақ материя болса (ол ешқалайда оның этикалық мазмұнын түсірген жоқ және джайнизмдегі биік этикалық стандартын төмендетпеді), онда буддистер, ежелгі үнділік дәстүр сияқты карманы сума сияқты қарады (мейрбандардың және пайғамбарлардың қоржыны сияқты) ол тек қана қазіргі кезеңде емес, оның бүкіл қайта туылу кезеңдерңнде де.

Буддалық концепция карма туралы буддизмнің этикалық нормаларына өзіндік өздерін және ықпалын қалдырды, карма астарында тек қана іс-әрекет емес, сонымен қатар қаншама саналы іатер және жақсы ниеттер моральді, (кусала) және аморольді(акусала) қалыптасты. Түрлі сананың жүйеленген тыңғылықты жұмыс жасалынған түрлері де болды, туылуға позитивті бейімделген, сол сияқты негативті (зиянды) кармалар. Сонардың ішінде бірнеше түрі қорытындылаушы ретінде ерешеленеді. “Жерлік емес сана ”, “Даналықтың санасы”, джайналықтар сияқты мақсаттары, кармадан құтылу біржолата және сонымен нирванаға жету жолын қамтамасыздандыру.

Карма заңы оның буддалық интепритациясында үлкен рөл атқарды, мирян буддистер ұстанатын этикалық стандартта қатаю, біріктік енгізеді. Мейлі олар монахтың жолға түспей-ақ қойсын және нирванаға да ұмтылмайды делік,- әрнәрсенің өз уақыты бар. Бірақ әркім жақсылап сезінсін, ол бүгінгі күні ол міндетті оның мүмкіншілігі өзінің болашақ кармасына фундамент қалауға өте мол ол өзінің алдындағы туылуларында тұманданбаған сана, мөлдір және нық мүмкіндіктер нирванаға жету жолдарын қамтамасыз етуі керек. Ал бұл үшін әркім өзіне осындай мейірімді жол таңдауы керек, жақсы карма үлкейіп, ал негативті карма әлсіреуіне жұмыс жасау және культивациялауы қажет. Шындығына келсек, бұл буддизмге жаңалық емес. Бірақ буддизм бұған ерекше көңіл бөлді. Ол үшін шыңайы байқау да жеткілікті, буддистер – джайналар сияқты- ахимсаның заңын қатал ұстанды. Және тек қана ахимса емес, жіне де зиян келтірмеу принципін де тіпті зұлымдыққа қарсыласпау, бұлардың бәрі буддизмге этикалық жетекші постулаттары айналды, ал сосын индуизмге де.

Джайнизмдегі сияқты, ерте буддизм этиеасы оның бастапқы формасы хинаяна болды, оның елеулі әлуметтік резонанстарына қарамастан, негізінен индивидуалды, тіпті анығырақ айтсақ эгоисты: әркім басқаларға қатысты қарым-қатынаста өзін солай ұстанды, және қоғамға жақсысы, бұл оның өзіне керек болды, оның кармасын жетілдіру үшін және ірине одан босану үшіін

Буддистер барлық моральді құндылықтарға мына бес принцип бойынша қарайды:

1 ақылдың тазару және даналықтың дамуы

2 Өсиеттерді ұстану

3 Карма заңының ақиқаттылығы және қайта туылулар шындығы

4 бағыт және шебер методтар

5 Мейірімділіктің дамуы және қайғыға ыртықтасу

Егер адам өмірінде осы принциптарға қалаптасқан болса, онда оның барлық істері әлемге нұр болар еді. Шила (этикалық іс-әреке дхарманың іске асуын қамтамасыз етеді.(ақиқатты)) егер біз күнделікті өмірімізде шилаға сүенсек, егер біз моральді ережелер мен әрекет етсек, онда әлем ретсіздіктен және аурудан құтылар еді.

Буддистке ненің жақсы, ненің жаман екенін айырудан асқан мәртебе жоқ. Сіз жазбаларға сүйенуіңіз немесе белгіпі шектеулерге жүгінуіңіз керек әйтсе де қабышлданған шешімге жауапкершілік тек қана сіздің мойыныңызда болатынын буддистік этика әрқашан есіңізге салып отырады Төменде- мен, мысалдар және осы ойды иллюстрациялайтын және буддалық этиканың басты назар аударатын мәселелеріне қатысты бағытталған мысал келтіремін.

Рейнкорнация идеясы, зиян келтірмеу идеясымен тығыз байланысты болғандықтан буддизм неліктен тірі затқа түсінушілікпен қарауға тырысатыны түсінікті.

“Чулла- волге” –нің алтыншы оның жолдарында былай делінген:

“Мен аяғы жоқ жәндікті жақсы көремін, Сонымен қатар ек і аяғы барды да, Мейлінше барлық, барлық жаны бар зат Барлық түрдің мақұлықтары Оларға ауырсыну әкелетін ешқандай затпен кездеспенсін,

Мейлінше оларға зұлымдық жақындамасын;”

Буддизм этикасында әлдебір тіршілік иесін оның әкелетін пайдасына бола емес, оның осы тіршілікке ие болғаны үшін де жақсы көруі жоқ. Және же олар-жоғарыдағы өлең жолдарынан көріп отырғанымыздай бүкіл тіршілік иелеріне бір – бірінен бөліп жарып қарамайды. Айналадағы ортаға мұндай сүйіспеншілікпен қарау буддизм этикасының бас өсиеті.

Өсиеттер – адамға, неден сақтану керек екенін білдірту үшін қажет, ал дхармалар адамға дамыту үшін берілген

құндылықтар. Өсиет пен дхарма өзара тығыз байланысты және бір-біріне өз әсерлерін тигізіп отырады. Мысалға: егер біз негативті ойлардан аулақ болған болсақ, егер осы ойлардың нәтижесі негативті салдарларға әкелетін болса, онда біз осыныңызбен негативті әрекеттер мен ойларға кеңістік ашқан боламыз. Өсиеттер мен біз жоғарыда танысқан болатынбыз, ал дхармаға келетін болсақ, демек этикалық принциптер мұнда да бесеу:

1 Әрекеттен сақтану,-біреуге зияндық әкелетін әрекеттен аулақ болу, меттаның дамуына бейімделу, демек мейірбан болу,

2 Өзіңе тән емес затты алудан аулақ болу, дана-ны дамыту, демек жомарттық.

3 Сексуалды дәмеліктен сақтану, санттутхидің дамуын қолға алу, демек қанағаттық сезімі.

4 Жалған куәгерліктен аулақ болу, демек сокка-ның дамуын қолға алуң -әділеттілік шындық.

5 Сананың Улануынан сақтану- саттиды дамыту, демек назар аудару, айналаңды тани білу.

Дхарма буддалық тәжірибенің (бхавана) негізінен қалайды, бұларсыз даму мүмкін емес. өсиеттер буддалық этикалық өмірдің негізгі заңы ретінде беріледі, әйтсе де бұл біздің санамыздағы жат тілектерден бізді аулақ ұстанғанына емес, бізге дистиплинаны қолға алуға көмектескендіктен, бұл ары қарай дамуға ауадай қажет.

Жалған куәгерліктің тамыры –жеккөрушілік және қорқынышта жатыр. Жалған куәгерлік –қорғаныш реакциясы, оның негізінде –шындықтан алшақтау. Дұрыс сөйлеу бұл “Сегіздік жол” өсиетінің төртіншісі-бұл өсиетте біздің айтқан әрбір сезіміз өзімізге немесе өзге біреуге зиянын тигізбеуі керек. Керісінше әрқашан дұрыс сөйлеу арқылы белгілі бір адамға немесе адамдар тобына пайдасын тигізуіміз керек. Демек дұрыс сөйлеу үшін – алдымен сөзімізді ойланып- сосын ойымызды айтамыз.

Тілектерден арылу – осы екі сөзбен буддалық адамгершілік мінез-құлқын, оның негізгі мәнін этика-нормативті маңызын түсіндіруге болады. Будданың ойынша, адамға жоғарғы мақсатқа жету үшін және же өз ойларымен бітімге келу үшін, толығымен әлемнен безіну қажет.

Будда ілімі бізге соңғы мазмұнда интерпритация да жетті. Оның негізгі қайнар көзі: буддистік номандық кітап-“Типитака” (“үш себет”(заңдар) ), ұстазы қайтыс болғаннан кейін бірінші үш жүз жылдықта жазылған, оны Будданың ілімін ұстанушылар құрастырды, ол поли тілінде б.э.д.1 ғасырда Цейлонда және басқа да қалаларда әр түрлі тілдерде жазылып шықты.

Буддалық орта жолдың сегіз сатысы адамгершілік жетілудің универсалды схемасы ретінде саналуы мүмкін. Қорытынды бөлімі-белгілі өмір мәнінің түсінігі. Сосын бұл түсінік ішкі маңызды мотивке айналады. Арықарай мотив белгілі шешімге айналады. Бұл шешім әрекетімізде шындыққа айналады. Іс-әрекет бір тұтас шынжырды құрайды, ол саналы тапсырылған іс-әрекет жүйесін анықтайды. Арықарай іске асқан әрекеттің критикалық анализі қаншылықты өз шешімізге сай екенін және жат ойлардан қаншалықты аулақ екенін түпкі көз қараспен сынаймыз. Міне, адамгершілік мінез- құлық қорытынды өмір мәнімен контекске түседі. Соңғы көрініс- моральдің шекарадан шығуы өмір мәнінін куәсі ретінде іске асуы.

Адамгершілік жетілуді буддистік талқылауда индивитті –тұлғанын белгілі қозғалысы және абсолютті тұлғасыз бастауға жету. Будданың күш-жігері адамның өзіндіктің бетін-қайтаруға бағытталған, адамды индивит ретінде көрсететіннің бәрінен оны басқа адамдардан ерекшеленеді және кеңінен барлық тіршілік иелерінен ерекшелетеді.

Будда ілімінде metta түсінігі бар, қазақ тіліне аударғанда махаббат дегенді білдіреді. Бұл күйге адам қастандықтан арылғанда және әлемге сезімдік үйірсектіктен арылғанда және бүкіл тіршілік иесіне жақсы ниетті қарым-қатынасқа түскенде іске алады.

Бұл абсолютті адамгершілік тазалық позициядан, мәңгілік пен пара-пар, әлемге қатынас тек-қана теріс ниетте болуы мүмкін. Сондықтан Будданың барлық этикалық талаптары шектеу болып келеді, ал жиынтығыналғанда буддизм адамгершілігі -өзіндік жүйелік әлемнен адамгершілікті безінуді ұстанады.

Будда ілімі тұлғаның ішкі жетілдіруі арқылы, адам жанжалын тоқтатуға мақсатталған. Буддалық ілімнің негізінде адамгершілік мақсаттар жатыр. Сонымен қатар Будда адамгершілікті бәрінен жоғары қояды, бұл оның тәжірибелік іс-әрекетінде көрсетіледі. Будданы ұстанушылардың өмірлік мәні-құтқарылу оған жету жолы Будда көрсеткен адамгершілік әрекеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Клайв Эррикер “Буддизм”

2 ) Молдабеков “Шығыс философиясы”

3 ) А.Н. Кочетов “Буддизм”

4 ) Л.С. Васильев “История религии Востока”

5 ) Гусеинов А. А. Апрессиан Р. Г. “Этика”

6 ) “Буддизм и государство на дальнем востоке” Сборник статей.



7 ) В.Н.Никитин Дінтану

Достарыңызбен бөлісу:

m-a-rozov-69-rassuzhdeniya-ob-intelligentnosti.html
m-a-sholohov-molodezhnij-akcent.html
m-a-slabous-dvggu-filologicheskij-fakultet-4-kurs.html
m-a-suslov-kashej-razvitogo-socializma-ili-chelovek-kotorogo-mnogie-schitali-serim-kardinalom.html
m-a-valiev-2011-g.html
m-a-vasilev-yazichestvo-vostochnih-slavyan-nakanune-kresheniya-rusi.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kratkij-kurs-grammatiki-anglijskogo-yazika-uchebno-metodicheskoe-posobie-dlya-studentov-zaochnogo-otdeleniya.html
  • writing.bystrickaya.ru/coffee-break-programma-nizhnij-novgorod-2011-sopredsedateli-simpoziuma-s-v-gaponov-akademik-ran-ifm-ran.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/upravlencheskij-uchet-na-predpriyatii-chast-3.html
  • shkola.bystrickaya.ru/martin-de-aspilkueta-navarro-ekonomicheskaya-misl-v-ispanii-xvi-veka-salamankskaya-shkola.html
  • university.bystrickaya.ru/formirovanie-psihologicheskoj-ustojchivosti-i-socialnoj-adaptacii-podrostka-sredstvami-borbi-sambo.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tamozhennij-kodeks-respubliki-belarus-chast-15.html
  • bukva.bystrickaya.ru/uchebnik-serzhanta-vojskovoj-razvedki-stranica-14.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/ostrov-prochida-iosif-brodskij-stihotvoreniya-i-poemi-osnovnoe-sobranie.html
  • knigi.bystrickaya.ru/rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-12-maya-2010-g-stranica-2.html
  • urok.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-k-obrazovatelnoj-programme-mou-oosh-9-3-4-stranica-17.html
  • crib.bystrickaya.ru/instrukciya-po-provedeniyu-shkolnogo-tura-olimpiadi-po-fizike-volimpiade-uchastvuyut-vse-zhelayushie-uchashiesya.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/mezhsetevie-kommunikacii-na-baze-tcpip-stranica-4.html
  • literature.bystrickaya.ru/chast-vtoraya-peshki-byut-korolej-bal-hishnikov.html
  • gramota.bystrickaya.ru/vzlet-i-padenie-analiticheskoj-filosofii.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-socialno-ekonomicheskoe-planirovanie-mamraeva-zh-a-dlya-distancionnogo-obucheniya-studentov-vseh-specialnostej-stranica-11.html
  • literatura.bystrickaya.ru/scenarij-spektaklya-vozmozhno-uchastie-kukolnogo-teatra.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/mnogoshelevaya-volnovodnaya-antenna.html
  • textbook.bystrickaya.ru/gosudarstvennie-municipalnie-cennie-bumagi-nominalnaya-stoimost-kotorih-ukazana-v-valyute-rossijskoj-federacii.html
  • abstract.bystrickaya.ru/4-globalizm-mezhdunarodnoe-ekonomicheskoe-pravo-i-process.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/upravlenie-proektami-v-apk-bioenergetika-effektivnoe-ispolzovanie-v-regione.html
  • literature.bystrickaya.ru/dejstvie-shuma-na-organizm-cheloveka.html
  • occupation.bystrickaya.ru/na-sajte-razmesheni-materiali-kotorie-vas-sorientiruyut-i-okazhut-pomosh-pri-podgotovke-k-pervoj-sessii.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-upravlenie-doshkolnim-obrazovaniem-nazvanie.html
  • control.bystrickaya.ru/chernij-arheolog-iz-budushego-dikoe-pole-stranica-5.html
  • college.bystrickaya.ru/-102-stanochnik-shirokogo-profilya-spravochnik-rabot-i-professij-rabochih.html
  • znanie.bystrickaya.ru/4-podgotovka-informacionnih-instruktivnih-i-normativnih-dokumentov.html
  • school.bystrickaya.ru/glava-6-kto-i-zachem-navyazivaet-nam-vrednie-privichki-fyodor-grigorevich-uglov.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/za-semyu-gorami-za-semyu-moryami-yunie-princi-i-dobrie-fei.html
  • studies.bystrickaya.ru/kak-dostavit-vipolnennuyu-rabotu-metodicheskoe-rukovodstvo-po-obucheniyu-pravam-rebenka-s-ispolzovaniem-syuzhetov.html
  • essay.bystrickaya.ru/eposi-legendi-i-skazaniya.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/fleming-klas-larsson.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/oplata-i-normirovanie-truda-68-14-otchet-o-deyatelnosti-gosudarstvennoj-inspekcii-truda-v-moskovskoj-oblasti.html
  • exam.bystrickaya.ru/verifikacionizm-kak-kriterij-demarkacii-nauchnogo-znaniya-silnie-i-slabie-storoni.html
  • essay.bystrickaya.ru/doklad-upravleniya-truda-bryanskoj-oblasti-na-2011-2013-godi-dalee-doklad-podgotovlen-vo-ispolnenie-porucheniya-administracii-oblasti-ot-24.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/programma-vstupitelnogo-ispitaniya-po-predmetu-geologiya-dlya-postupayushih-na-osnovnie-obrazovatelnie.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.