«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
.RU

«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Дата07.04.2017өлшемі114.17 Kb.


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 613 бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына

2-қосымша

«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);



2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттарды берген сәттен бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:

Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысымен бірге жіберіледі. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.



Портал арқылы өтініш берген кезде – лицензиялық шартты мемлекеттік тiркеу туралы немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы


№ 368 бекітілген бұйрыққа сәйкес, өтінімдерді қабылдау және сараптама жүргізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстардың және қызметтердің бағаларына белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11225 болып тіркелген).

Шарттарды тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

8. Жұмыс кестесі:

1) Көрсетілетін кызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат


13-00-ден 14.30-ға дейін;

2) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.



Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.

Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

5) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды (қосалқы лицензиарды) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлға атынан өтініш берілген жағдайда кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.

Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелері;

4) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды (қосалқы лицензиарды) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлға атынан өтініш берілген жағдайда оған кәсіпорын басшысының қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмелері.

Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны құжат мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мыналар негіздеме болып табылады:

1) оған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорғау құжатының тіркеу қолданысын тоқтату;

2) сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;

3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;

4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеу туралы өкілеттігі болмауы және Министрлікте тіркелген лицензиялық шарт болмауы.



3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті берушінің көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті


берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.



Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын

өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған.

14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы - 1414.

«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi.



БСН – 081240013779

ЖСК – KZ24070105KSN0000000

БСК – KKMFKZ 2 A

Бенефициар банкі – «Қазақстан Республикасы 

Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі.



КБЕ-11

Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге

қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны


Мекенжайы


Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,
Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1- корпус, № 1 кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:  

"Нұрбанк" Акционерлік қоғамы

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты»

республикалық мемлекеттік кәсәпорны

Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы

ӨТІНІШ
1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шартты тіркеуді сұраймын.

2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және нөмірі (нөмірлері):

___________________________________________________________________

3. Лицензиар (қосалқы лицензиар):

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы

Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және телефондары

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
4. Лицензиат (қосалқы лицензиат):

Жеке тұлғаның аты, тегі әкесінің аты ( бар болса)немесе заңды тұлғаның атауы

Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және телефондары

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер немесе өтінім берушінің өзге өкілі

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және телефондары
6. Лицензия түрі

____________________________________________________________________

7. Лицензиялық шартта көзделген пайдалану түрлерін ескерумен берілетін құқықтар көлемі

____________________________________________________________________

8. Хат алысуға арналған мекенжайлар

___________________________________________________________________

9. Қосымшалар:
Тіркелетін шарт ____ парақ (№№ ____ қосымшалар ____ парақ) ____ данада;

Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;

Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;

Жалғастыруға арналған парақтар;

Басқа құжат (көрсету керек)

____________________________________________________________________

Өтініш беруші
______________________________________________________ (бар болса) М.О.

Лауазымы, Т.А.Ә.(бар болса) және қолы




Күні «____» ___________ 20 ____ жыл.

Достарыңызбен бөлісу:

lomonosovskij-farforovij-zavod-chast-3.html
lomonosovu-prinadlezhat-neskolko-rabot-posvyashyonnih-issledovaniyu-atmosfernogo-i-staticheskogo-elektrichestva-lomonosov-pisal-bez-vsyakogo-chuvstvitelnogo-gromu.html
london-2.html
london-history.html
london-prestizh-8-dnej-7-nochej-8-ekskursij-tolko-po-subbotam-stoimost-tura-na-cheloveka-v-rublyah.html
london-zamok-uorvik-oksford-oxford-warwick-castle-oksford-oxford-.html
  • college.bystrickaya.ru/22-ekosistema-kak-obekt-matematicheskogo-modelirovaniya-metodi-matematicheskogo-modelirovaniya-ekologicheskih-sistem.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-7-irvin-yalom.html
  • znanie.bystrickaya.ru/6-proizvodstvo-i-kontrol-kachestva-rabot-po-vozvedeniyu-monolitnih-stalefibrobetonnih-ograzhdenij.html
  • thesis.bystrickaya.ru/primernaya-programma-h-vi-vserossijskogo-foruma-organizatorov-detskogo-i-molodezhnogo-otdiha-i-ozdorovleniya-anapa-2011-strategiya-razvitiya-detskogo-otdiha-2020.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-9-perevod-s-angl-e-g-beketovoj.html
  • writing.bystrickaya.ru/aleksandr-tretij-chast-2.html
  • writing.bystrickaya.ru/krepost-nimrod.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-rabote-veterinarnoj-sluzhbi-po-profilaktike-infekcionnih-zabolevanij-zhivotnih-i-ptici-v-2010-godu-v-balakovskom-municipalnom-rajone.html
  • control.bystrickaya.ru/dom-detskogo-tvorchestva-moskovskogo-rajona.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/konkurs-repressii-prava-cheloveka-molodezhnoe-uchastie-oroo-obshestvennaya-palata-omskoj-oblasti-iobshestvo-memorial-obyavlyayut-konkurs-studencheskih-rabot-cel-konkursa.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prakticheskie-zadaniya-dlya-samostoyatelnoj-raboti-uchebno-metodicheskij-kompleks-kazan-2010-udk-bbk-k-rekomendovano.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/postroenie-navika-istoriya-znaet-nemalo-primerov-kogda-hudozhniki-ne-ponyatie-i-ne-prinyatie-sovremennikami-vposledstvii.html
  • abstract.bystrickaya.ru/1-teoreticheskie-osnovi-nalogovih-dohodov-byudzheta-4.html
  • composition.bystrickaya.ru/osnovnaya-chast-pravila-oformleniya-spiska-literaturi-23-primeri-bibliograficheskih-opisanij-25-osobennosti-ssilok.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/46gorizontalnij-polyot-rukovodstvo-po-lyotnoj-ekspluatacii-samolyota-yak-18t-s-dvigatelem-m-14p-fla-rossii.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-disciplini-fiziologiya-fiziologiya-rastenij-kod-disciplini-po-uchebnomu-planu-opd-f-1-ochnoe-obuchenie.html
  • composition.bystrickaya.ru/otchet-o-patentnih-issledovaniyah.html
  • crib.bystrickaya.ru/itogi-soroka-molodezhnih-konferencij-sekcii-paleontologii-moip-1959-2000.html
  • college.bystrickaya.ru/042090002-1-obshaya-harakteristika-sostoyaniya-rabot-po-formirovaniyu-elektronnogo-pravitelstva-regiona-i-razvitiyu.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-10-uchet-psihologicheskih-faktorov-voennoj-hitrosti-maskirovki-i-vnezapnosti-pri-organizacii-psihologicheskogo-obespecheniya-boevih-dejstvij.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/raspisanie-uchebnih-zanyatij-dlya-studentov-pervogo-kursa-stranica-2.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/psihologicheskaya-effektivnost-reklami.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/razdel-5-ekonomicheskaya-sfera-zhizni-obshestva-1-socium-osobennaya-chast-mira-obshestvo-slozhnaya-dinamichno-razvivayushayasya-sistema.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/prilozhenie-18-otchet-po-kontrolnoj-i-pravoprimenitelnoj-deyatelnosti-departamenta-za-1-polugodie-2011-goda-g-astana.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prilozhenie-4-pravila-organizacii-tehnicheskogo-obsluzhivaniya-i-remonta-oborudovaniya-zdanij-i-sooruzhenij-elektrostancij.html
  • essay.bystrickaya.ru/chastyu-ritualov-makkenna-terens-knigi-pisha-bogov.html
  • university.bystrickaya.ru/gazetaru-moskva-23-sentyabrya-2009-1747-otchet-obekti-rossijskij-gosudarstvennij-socialnij-universitet.html
  • thescience.bystrickaya.ru/internet-resursi-pervij-kanal-novosti-30-06-2005-12-00-00-16.html
  • report.bystrickaya.ru/klinicheskaya-kartina-osnovi-obshej-vrachebnoj-praktiki.html
  • school.bystrickaya.ru/charles-essay-research-paper-charles-might-have.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/mokli-dzhon-uilyam-mauchly-john-william.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sostavitel-doklada-ooo-konsaltingovaya-firma-vostochnij-proekt-kamchatka.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/prilozhenie-7rekomenduemoe-nabrizg-betonom-i-ankerami-pri-stroitelstve-transportnih-tonnelej-i-metropolitenov.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/metodi-i-instrumenti-gosudarstvennoj-podderzhki-nanotehnologij-v-ekonomike-rossii.html
  • credit.bystrickaya.ru/otchetnosti-v-nekommercheskih-organizaciyah-aktualnie-socialno-ekonomicheskie-i-pravovie-aspekti-ustojchivogo-razvitiya-regiona.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.