.RU

Мергалиев Б. К. э.ғ. к., доцент

Дата17.06.2017өлшемі117.38 Kb.
УДК 336.02

Мергалиев Б.К. э.ғ.к., доцент,

Шуптыбаева Д.Х. магистр, оқытушы

ҚазЭҚжХСУ, Астана қ.


Қаржылық пәндер бойынша дәріс жүргізу барысында қаржылық саясаттың теориясы және тәжірибесі

Қаржы пәндерін оқыту барысында қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қаржы саясатын студенттерге толық түсіндіру өте маңызды. «Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» туралы Елбасының халыққа жолдауының мазмұны экономикалық дамудың негізгі концепциясы ретінде қазіргі кездегі жаңа бағыттағы қаржылық саясаттың мәні. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жолдауында анықталған. Қаржы саяcатың басты міндеті «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатында белгіленген міндеттерді қаржылық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталады.

Бұл мәселелерді дәрістерде, басқа да оқыту түрлерінде келесідей теориялық және тәжірибелік негізде жүргізуді ұсынамыз.

Қазақстан Республикасында тиісті қаржылық саясатты және оны жүзеге асыру механизмін жасау мен айтылған бағыттарды кіріктіретін нарықтық реформаларды тереңдету жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру жалғастырылуда.[1]

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» ҚР Президентінің жарлығында көрсетілгендей, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бес бағытының негізі ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады.

Сондықтанда мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, бюджеттік, салықтық, ақша-кредиттік саясатқа және мемлекеттік және сыртқы  борышты басқаруға түбегейлі өзгерістер еңгізілуде.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бәсекеге қабілетті қаржы секторын құруға бағытталған. Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді: 1) әлеуетті күйзелістер туындаған жағдайда қаржы жүйесінің орнықтылығына қолдау көрсетуге қоғам мен мемлекеттің шығасыларын төмендету; 2) экономикалық ықпалдасу және жаһандану жағдайында қаржы секторының тиімділігін арттыру; 3) қаржы жүйесінің сапалы дамуы үшін инфрақұрылымды жетілдіру және оңтайлы жағдайлар жасау; 4) қаржы секторының өсу ресурстарын, оның ішінде экономиканың талаптарына сәйкес келетін қаржы өнімдерінің есебінен кеңейту; 5) теңгерімделген экономикалық жағдайларға қолдау көрсету және экономикадағы кредиттік тәуекелдерді төмендету.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2020 жылдан кейінгі кезеңінде қаржы ұйымдарының алдында жаһандық және өңірлік көшбасшылар ішкі нарықта көрсететін қаржылық қызметтері енуінің өсуіне байланысты сын-қатерлер пайда болады. Бұндай жағдайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуын, сондай-ақ дәстүрлі қаржылық және технологиялық ұйымдардың стратегиялық әріптестігінің дамуын назарға алу қажет, бұл көрсетілетін қаржылық қызметтердің әдеттегі тәртібін өзгертеді. Осыған байланысты отандық қаржы ұйымдары жоғары деңгейдегі ойыншылар мен тұтынушы үшін бәсекелестікте жеңіп шығуға қабілетті болуы тиіс. Осы жағдайларда бәсекеге қабілеттіліктің тек бизнес ауқымының экстенсивті ұлғаюы есебінен ғана өсуі мүмкін емес. Ол тұтынушыларға қаржылық қызметтерді көрсетудің жаңа трендтері мен технологияларына жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін бизнес-стратегиялар мен процестер сапасының жақсаруына да негізделуі тиіс [2].

Сондықтан да, қаржы нарығын дамытудың түйінді көрсеткіштері бойынша 2020 жылға қарай мынадай нысаналы бағдарларға қол жеткізу жоспарланып отыр. Банктердің активтері мұнай емес ЖІӨ-нің кемінде 80 %-ын, несие портфелі – мұнай емес ЖІӨ-нің кемінде 60 %-ын құрайды, бұл олардың экономиканы, әсіресе мемлекеттік даму бағдарламаларында қаржыландыруға қатысуын кеңейтуді болжайды. Осы мәндер шетел банктерінің қазақстандық нарыққа көлемді өктемдік саясатын шектеу, отандық қаржылық жүйені сақтау және отандық банктерге шетелдің қаржы институттарының кіруін толық ырықтандырудан отандық банктердің шығындарын төмендету үшін ең аз қажеттіліктер деп бағаланады. Акциялар нарығын ЖІӨ-ге қатысты капиталдандыру «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру және жаңа IPO корпоративтік эмитенттермен жүргізу шартымен екі есе ұлғаяды. Ислам банктерінің үлесі Қазақстан Республикасының банктік жүйесі активтері көлемінің 3-5 %-ын құрайды.

Елдің макроэкономикалық дамуының басты жоспары негізінде республикалық бюджеттің мынандай көрсеткіштері көзделіп отыр.

Түсімдер 2015 жылы 6858,0 млрд. теңге, 2016 жылы – 6882,7 млрд.теңге, 2017 жылы – 6971,1 млрд.теңге көлеміінде белгіленеді.

Шығыстар 2015 жылы 7855,1 млрд.теңге, 2016 жылы – 8042,2 млрд.теңге, 2017 жылы – 7943,6 млрд.теңге көлемінде белгіленді.

Ұлттық қордан 2015-2017 жылдардағы республикалық бюджетке жыл сайын 1702 млрд.теңге мөлшерінде кепілдірілген трансферт белгіленді. Жоспарланған кепілдендірілген трансферт және нысаналы трансферттерді тарту кезінде Ұлттық қордағы қаражаттан төмендейтін қолдағы ішкі жалпы өнімнің 30 пайызынан төмен емес деңгейдегі шектеу сол қалпында қалады.

Үш жылдың кезеңде бюджет рөлі орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін шектелген, бірақ жеткілікті көлемде мұнай жинақтарына инвестицияларды іске асыру бойынша жүктемені жылжыта отырып, әлеуметтік құрауышты қамтамасыз етуге негізделетін болады.

Қазақстанның толыққанды қор нарығын қалыптастыру және оның халықаралық капитал нарығымен ықпалдасуы шеңберінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы одан әрі дамитын болады. Стратегиялық перспективада Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Алматы қаласының бәсекеге қабілетті қаржы оталығын дамыту және оның Азиядағы жетекші 10 қаржы орталығының тобына кіруі үшін қажетті жағдай жасалынады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 6,0-8,0 % аралығында ұстап тұруды болжамдайтын бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.

Отандық қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында ішкі қарыз алу мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін сыртқы қарыз алу есебінен халықаралық қаржы ұйымдарының, шетел мемлекеттерінің, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардың қарыздары тартылатын болады.

Жалпы, үкіметтік борыш мөлшерінің шектен тыс өсуіне жол бермеу үшін Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде ішкі және сыртқы қарыздарды тарту кезінде қарыз алудың лимиті сақталатын болады.

Бұл ретте Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасына сәйкес бюджет тапшылығы 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,4 %-ға дейін төмендеген кезде, мемлекеттік борыш 2020 жылға ЖІӨ-ге қатысты 13,9 % -дан аспауы тиіс, оның ішінде үкіметтік борыш ЖІӨ-ге қатысты 13,7 % -дан аспайды. Жалпы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың борышы жиынтығында 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 22% -дан аспайды [3].

Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасына сәйкес орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты мемлекеттік теңгерімділігі мен әлеуметтік – экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған болады.

Сондықтан қазіргі кезеңдегі республикалық бюджетті қалыптастырудың  негізгі қағидаттары келесідей болып анықталды:

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаулар мен болжамдардың шынайылығын қамтамасыз ету;

мемлекеттің бұрын қабылдаған міндеттемелерінің өсуі және тапшылықтың өсуін тежеу жағдайларында бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету;

бюджеттің орнықтылығын қамтамасыз ету және белгіленген бюджеттік қағидаларды сақтау жолымен бюджеттің сыртқы факторларға тәуелділілігін азайту;

экономикаға мультипликативтік оң әсер ететін, республиканың экспорттық, транзиттік және туристік әлеуетін арттыратын ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттің мұнай қоры жинақтарын тарту;

өңірлерді күшейту, оларға нақты қаражаттарымен қолдау көрсетілетін өкілеттіктер беру жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету.

Осыған байланысты, бюджет саясатының негізгі міндеттері:


  • Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;

  • Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

  • Фискалдық орталықсыздандыру;

  • Мұнай кірістерін шектеулі түрде пайдалану жолымен Ұлттық қорда қаражат жинақтауды жалғастыру;

  • Бюджеттің мұнай кірістерінен тәуелділігін азайтуды қамтамасыз ету болады.

Мемлекеттік шығыстар жиынтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.

Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету бойынша жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

Салық саясаты шеңберінде мемлекеттің кірістерді қайта бөлу бойынша әділ құралы ретінде салықтардың әлеуметтік маңызы бар, ынталандырушы жәнен фискалдық функциялары нығайтылатын болады[4].

Салық саясатының шаралары орта мерзімді кезенде мыналарға:



  • Экономиканың басым секторларын және инновацияларды ынталандыру мақсатында салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыруға;

  • Табыстан салық алу және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салуды реформалауға;

  • Бизнестің әлеуметтік бағдарлануына қажетті қосымша салықты ынталандыруын енгізуге бағытталатын болады.

ЕАЭО шеңберінде Қазақстанда неғұрлым қолайлы салық режимі н қалыптастыру маңызды болып табылады, бұл капитал қозғалысына шектеу болмаған кезде экономиканың одан әрі өсуі үшін қосымша ресурстар тарту мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызмет саласындағы Қазақстанның заңнамалық базасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының стандарттарымен үндестірілетін болады.

Ішкі және шетел инвесторларын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу іске асырылады, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары 10 жылға КТС төлеуден босату, 10 жылға жер салығын төлеуден босату, 8 жылға жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босату, объекті пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындары 30 %-ға дейін өтеу (инвестициялық субсидиялар) қарастырылды.

Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімді салық ставкаларының (ҚҚС және акциздерден басқа), экономикалық төлемдер мен алымдардың «тұрақтылығын» енгізу көзделіп отыр;

Жоғарыда аталған ынталандырулар пакеті ИИДМБ сәйкес экономиканың басым салаларындағы құны 20 млн. АҚШ долларынан кем емес болуы керек.

«ҚР президенті Н.А.Назарбаев :(Егемен Қазақстан 26 қараша)»

Жолдауда: «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын Ұлттық қорсыз көзге елестеудің өзі қыйын. 13 жыл бұрын біз оны экономикалық қауіпсіздіктің маңызды тетігі ретінде қараған болатынбыз. Ол 2007-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың салдарын жеңуде маңызды роль атқарады. Ұлттық қор экономиканы әлемдік нарықтарда баға құлдыраған жағдайларда құтқарады» - деп атап өткен еді.

Біз инфрақұрылым мен өндірісті инвестициялап, бизнеске, бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерлерге көмектесеміз.

Керісінше, өткен бес жыл ішінде оның валюталық портфелі 3,8 есеге өсті. Экономикаға жаңа бір мезгілдік инвестиция өсіміні жаңа тетіктерін іске қосады.

Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатады.

Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады.

Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көлікті, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.

Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.

Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.

Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңындағы бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондықтанда мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, бюджеттік, салықтық, ақша-кредиттік саясатқа және мемлекеттік және сыртқы  борышты басқаруға түбегейлі өзгерістер еңгізілуде.

Елдің қаржы секторын дамыту қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін ескере отырып, ел экономикасындағы оның орны мен рөлін айқындауға байланысты. Бұл ретте түрлі пікірлердің болуына орай әрбір жеке экономикалық агенттің қаржы секторы алдындағы мақсатты бағыттары басқалардан үстем болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2050 стратегиясына байланысты Қазақстан Республикасының 2020 стратегиясында қабылдауына байланысты қаржы саясатының алдында үлкен міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындауда қаржы саясаты – бюджет саясатында, салық саясатында және инвестициялық саясатта қаржы нарығында көріністері осы заманауи талаптарға сәйкес болуы керек. Осыған байланысты қаржы саясатының жетілдірудің жолдары қарастырылып, іске асырылатын болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нурлы жол - Путь в будущее» атты Қазақстан халқына Жолдауы
  2. Егемен Қазақстан №221 (28444) 12 қараша 1 бет

3. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Аннотация


В данной статье рассматривается роль финансовой политики Республики Казахстан на сегодняшний день. Где студентам в ходе обучения дисциплин по финансам объясняется важная роль играет финансовая политика.
Annotation
In this article the role of financial politics of Republic of Kazakhstan is examined to date. Where to the students during educating of disciplines on finances an important role is explained financial politics plays.
Түйіндеме
Аталған мақалада Қазақстан Республикасында қаржы саясатының бүгінгі күнде орны қарастырылған. Атап айтқанда студенттерге қаржы пәндерін оқытқанда қаржы саясаты басты орын алатыны туралы атылады.

Достарыңызбен бөлісу:

konkurs-proektov-xv-fulbrajtovskoj-mezhdunarodnoj-gumanitarnoj-letnej-shkoli.html
konkurs-professionalnogo-masterstva-pedagogov-moj-luchshij-urok.html
konkurs-professionalnogo-masterstva-uchitel-goda.html
konkurs-programmi-start-08-stranica-3.html
konkurs-programmi-start-08-stranica-8.html
konkurs-prohodil-po-trem-nominaciyam-i-dvum-vozrastnim-kategoriyam-a-nominaciya-hudozhestvennoe-chtenie-7-12-let-i-13-18-let.html
  • abstract.bystrickaya.ru/12-sistema-sovremennogo-obrazovaniya-v-rossii-opit-i-tendencii-razvitiya.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-meropriyatij-posvyashennih-prazdnovaniyu-novogo-2012-goda-i-rozhdestva-hristova-v-dekabre-2011-yanvare-2012-goda-naimenovanie-meropriyatiya.html
  • education.bystrickaya.ru/29-pravila-oformleniya-rekvizitov-pravila-oformleniya-rekvizitov-27-10-oformlenie-sluzhebnih-dokumentov-37.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uranovoe-proizvodstvo-ispolzovanie-atomnoj-energii-kazahstan-pristupil-k-sozdaniyu-programmi-remonta-energoobektov.html
  • college.bystrickaya.ru/105-stroitelnie-konstrukcii-stroitelnie-normi-i-pravila.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/rassledovanie-i-uchet-narushenij-pri-obrashenii-s-radiacionnimi-istochnikami-i-radioaktivnimi-veshestvami-v-rossii-chast-2.html
  • crib.bystrickaya.ru/kniga-i-izrail-ok-1600-586-gg-do-n-e-stranica-8.html
  • write.bystrickaya.ru/finansovoe-planirovanie-soderzhanie-i-zadachi-finansovogo-planirovaniya-vidi-finansovih-planov.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/kontrolnaya-rabota-i-metodicheskie-razrabotki-po-uchebnomu-kursu-ekonomika-organizacii.html
  • school.bystrickaya.ru/konsolidirovannij-otchet-o-finansovih-rezultatah-7-stranica-3.html
  • testyi.bystrickaya.ru/avtorskaya-programma-vneklassnogo-chteniya-dlya-nachalnoj-shkoli-iz-opita-raboti-tamara-kuzmina.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/predislovie-stranica-6.html
  • abstract.bystrickaya.ru/1-algebra-logiki-11-osnovnie-polozheniya-algebri-logiki-russkaya-logika-v-informatike-bukvar-matematicheskoj-logiki.html
  • literature.bystrickaya.ru/drevnegrecheskaya-filosofiya-kak-ideologiya-rabovladelcheskogo-obshestva-18.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-21-cel-avtor-knigi-r-epperson-specialist-po-politicheskim-naukam-vidit-istoriyu-ne-kak-bezumnuyu-igru.html
  • composition.bystrickaya.ru/organizaciya-letnego-otdiha-i-truda-shkolnikov-v-2008-godu-doklad-mou-osnovnaya-obsheobrazovatelnaya-shkola-165.html
  • klass.bystrickaya.ru/alla-a-kornienko-igor-b-ardashkin-aleksandr-yu-chmihalofilosofiya-nauki-filosofiya-nauki.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/razdel-8-vilyujskaya-srednyaya-obsheobrazovatelnaya-shkola-imeni-geroya-sovetskogo-soyuza-nikolaya-savvicha-stepanova.html
  • writing.bystrickaya.ru/belinichskaya-ikona-bozhiej-materi.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/boevoe-kreshenie-pavlov-operaciya-sneg.html
  • reading.bystrickaya.ru/lekciya-xiv.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-antropologiya-dlya-specialnostej.html
  • control.bystrickaya.ru/chast-3-formirovanie-koncepcii-opisaniya-processa-raboti-pravitelstva-o-nauchno-issledovatelskoj-rabote.html
  • teacher.bystrickaya.ru/gorbacheva-hoteli-ubit-afganci-tv-6-radio-rossii-vesti-09-07-2008-borisov-dmitrij-22-00-6.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-moskva-vzfei-24-25-aprelya-2012-g-orgkomitet-konferencii-stranica-4.html
  • lesson.bystrickaya.ru/rinok-cnnih-paperv-chast-3.html
  • tests.bystrickaya.ru/konspekt-lekcj-z-disciplni-teploenergetika-dlya-studentv-za-fahom-mch-ms-lv-omt-denno-ta-zaochno-form-navchannya.html
  • writing.bystrickaya.ru/11-zarozhdenie-nauki-i-osnovnie-etapi-ee-razvitiya-konspekt-lekcij-prof-vinograya-e-g-po-kursu-istoriya-i-filosofiya-nauki.html
  • diploma.bystrickaya.ru/vzaimootnosheniya-centralnogo-banka-rf-s-kommercheskimi-bankami-i-drugimi-kreditnimi-organizaciyami.html
  • report.bystrickaya.ru/kliment-ohridski-filosofski-fakultet-katedra-stranica-7.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/4-zoar41-vvedenie-kniga-zoar-annotaciya-kniga-zoar.html
  • essay.bystrickaya.ru/chelovecheskij-faktor-i-bezopasnost-referat-na-temu-vvedenie-v-informacionnuyu-bezopasnost.html
  • composition.bystrickaya.ru/polozhenie-konkursa-luchshaya-publichnaya-lekciya-na-temu-vibori-otvetstvennost-za-budushee-obshie-polozheniya.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-domashnie-zhivotnie.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/informacionno-konsultacionnij-centr.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.